Сельчук Инан: «Біз «Астананы» оңайлықпен жеңеміз»

«Астанаға» қарсы өткізетін ойында «Галатасарай» капитаны Сельчук Инан қазақстандық команданы оңайлықпен жеңе алатындығын мәлімдеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Біз үшін ең басты міндет – топтан шығу. Өткен маусымда біз Түркияның чемпионы атағын 20-рет жеңіп алдық. Біз кезінде «Атлетикодан» тапқан жеңілісімізді кездейсоқтық деп мәлімдейміз. Енді біз айбатты «Галатасарай» деген атымызды қайта қалпына келтірмекпіз, ол үшін Астанада жеңіске жетуіміз керек. Меніңше, қазақстандық командаға қарсы өтетін ойын соншалықты қиын болмайды. Біз оларды оңайлықпен ойсыратамыз. Халықаралық аренада өзіміздің мүмкіншілігімізді көрсететін кез жетті. Ал «Астанаға» қарсы болатын матч бұған таптырмас мүмкіндік», - деді Инан.

Естеріңізге слаа кетейік, Чемпиондар лигасындағы «Астана» - «Галатасарай» матчы 30 қыркүйек күні Астанада өтеді. Айта кетерлік жайт, сәйкесінше «Галатасарай» мен «Астана» «Бенфика» мен «Атлетикодан» жеңіліс тапқан болатын.

24.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или