«Атлетико» Ла Лигада екінші рет жеңіліс тапты

Мадридтік «Атлетико» Испания чемпионатының 6-турында қонақта «Вильярреалға» жол берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Матчтағы жалғыз голдың авторы – Лео Баптистао.

Мадридтік ұжым осылайша алты турдан соң 12 ұпай еншіледі.

Айта кетейік, «Атлетико» Чемпиондар лигасында елордалық «Астанамен» бір топта өнер көрсетеді. Командалардың алғашқы кездесуі 5 қазанда Астанада өтеді.

«Вильярреал» — «Атлетико» 1:0 (1:0)

Гол: Баптистао 14 (1:0)

«Атлетико»: Облак, Гамес, Филипе Луис, Хименес, Годин, Габи (Вьетто 45), Оливер Торрес (Корреа 66), Тьягу, Гризманн, Сауль Ньигес, Мартинес (Торрес 45).

Ескертулер: Сольдадо 51, Хауме Коста 84 — Гризманн 41, Тьягу 71

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или