«Ордабасы» «Атырау» қақпасына үш гол тоғытты

Футболдан Қазақстан чемпионатының 27-турында «Атырау» өз алаңында шымкенттік «Ордабасымен» кездесті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Математикалық тұрғыда еурокубок аймағына мүмкіндігі сақтаулы тұрған қос клубтың өзара кездесуі жанкүйерлер үшін қызықты өтті.

«Атырау» үшін ойын сәтті басталған. 16-минутта Аржанов алаң иелерін алға шығарды. Бірақ 30-минутта Симчевич таразы басын теңестіріп тастады. Араға жеті минут салып, Эдин Юнузович «Ордабасыны» алға шығарды.

Екінші таймда шымкенттіктер Жасұр Нәрзіқұлов қақпасына үшінші голын салды. Юнузович дәл соққымен ойынның нүктесін қойды – 3:1.

Осылайша 23 ұпай жинаған «Ордабасы» бесінші орынға шықты. Ал еншісінде 19 ұпай бар «Атырау» алтыншы орынды қанағат тұтып тұр. Бірақ «мұнайшыларда» артық бір ойын бар.

«Атырау» — «Ордабасы» 1:3 (1:2)

Голдар: Аржанов 16 (1:0), Симчевич 30 (1:1), Юнузович 37 (1:2), Юнузович 62 (1:3).

«Атырау»: Нәрзіқұлов, Чичулин, Айтбаев, Григорьев, Кузьмин, Диакате, Эссаме, Аржанов, Қалмұратов, Байжанов, Иванович.

«Ордабасы»: Бойченко, Симчевич, Трайкович, Сүйімбаев, Нұрғалиев, Касьянов, Мухтаров, Тұңғышбаев, Юнузович, Бейсенов, Малый.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или