Марат Быстров мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін
Қазақстан құрамасының және Ахмат Грозныйдың қорғаушысы Марат Быстров «Тобылға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марат Быстровтың агенттері мансабын Қазақстанда жалғастыру мүмкіндіктерін қарастыруда.
Быстров мансабын тек Еуропада жалғастырғысы келеді деген ақпаратқа қарамастан, футболшының өкілдері қазақстандық клубтармен келіссөздер жүргізе бастады.
Қостанайлық команда Бағдат Қайыров командадан кетсе, тәжірибелі ойыншыға келісім-шарт ұсынуға дайын.
Айта кетейік, Быстров «Ахматтың» негізгі құрамындағы орнын жоғалтты, сондықтан қыста ресейлік клубтан кетуі мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или