Қазақстандық жас қақпашы шетелдік клубқа ауысуы мүмкін

Қазақстандық жас қақпашы шетелдік клубқа ауысуы мүмкін

Қазақстан жастар құрамасының және астаналық «Жеңістің» қақпашысы Әлішер Сүлеймен Бресттің «Динамосына» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Беларусь клубының өкілдері қазақстандық қақпашыны белсенді түрде бақылап, Сүлейменді өз клубында көргісі келеді.

Сүлеймен «Жеңіс» сапында 2021 жылдан бері ойнап келеді. Елордалық клуб сапында қақпашы 74 матч өткізіп, клубтың Екінші лигадан ҚПЛ-ға көтерілуіне көмектесті. Қақпашы Қазақстан жастар құрамасына да шақырылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или