Қайсар Бекенов: «Астананың» жанкүйерлері клубтың әнұранын өздері ойлап таба алады»

Қайсар Бекенов: «Астананың» жанкүйерлері клубтың әнұранын өздері ойлап таба алады»

«Астана» футбол клубының әнұранын жанкүйерлердің өзі ойлап тапқанын қалайды клубтың бас менеджері Қайсар Бекенов, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

30 қыркүйек күні өтетін «Астана-Галатасарай» матчының дайындығына арналған баспасөз мәслихатынан соң бірқатар журналистердің сұрағына жауап берген ол клубтың әнұранын арнайы жаздырғаннан гөрі, жанкүйерлердің өздері таңдаған ән шынайы болады дейді.

«Барселона», «Реал», «Бенфика» клубтарын алып қарасақ та, олардың әнұрандары арнайы жазылмаған,  команданың дамуымен бірге, жанкүйерлер жақсы көрген әндерін айтып, он-жимырма жыл ішінде сол футбол клубтарының гимндеріне айналған. Мысалы, әлемдегі футбол клубтарының арасында әнұраны ең атақты «Ливерпуль» клубын алайық, ол әнді клуб тапсырыспен жаздырған жоқ, команданың ойындарына жиналған жанкүйерлер сол әнді айта берген соң, клуб ресми әнұраны ретінде тіркеді», - дейді ойын білдірген Қ.Бекенов.

««Астана» клубының да әнұраны пайда болады, оған шүбә келтірмеймін. Ән дегеніміз - өз алдына жеке творчество, сондықтан, клуб арнайы тапсырыс беріп жаздырғаннан қарағанда, жанкүйерлердің жанына жақын, өздері таңдап алған әндері біздің гимнге айналса, шынайы болар еді. Мүмкін тіпті, қазақтың халық әндерінің бірі «Астананың» гимне айнала алады»,-дейді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или