Ермұхамед Мәулен: «Бас бапкер тәртіпке мән беруі керек»

Ермұхамед Мәулен: «Бас бапкер тәртіпке мән беруі керек»

Елімізге танымал спорт тілшісі, комментатор Ермұхамед Мәулен «Аламан» спорт порталына отандық футболдың жай-күйі жайлы айтып берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

— Ермұхамед, неліктен комментаторлық қызметте көрінбей кеттіңіз? Көрермендер сізді сағынды. Не себеп болды? Қандай да бір шектеу бар ма?

— Комментаторлық жұмысқа қоймай жатқан басшылар. Оның бірнеше себебі бар. Мен жиі-жиі іс-сапарларға шығып жүрмін. «ҚазСпорт» арнасында тек комментаторлық қызметте ғана емес, тілші болып та жұмыс істеймін. Сол себепті, қазір Қарағандыда жүрмін. Оның алдында Қазақстан Ұлттық құрамасымен бірге Чехия және Исландияда болдым. Сондай-ақ, «Астана» ұжымымен Финляндияға сапар шектік. ХИК-ке қарсы ойын өткізу үшін. Жұмыстарым өте көп. Сондықтан, қолым босамай жатыр.

— Өткен жылы футболдан Бразилияда жалауын желбіреткен әлем чемпионатына барып келген соң, өміріңізде, қызметіңізде қандай өзгерістер болды?

— Қызметімде еш өзгеріс жоқ. Сол баяғы жұмысым. Алайда, Бразилиядан мол тәжірибе жинап қайттым. Үлкен футбол матчтарында қалай жұмыс істеу, қалай жылдам сөйлеу керектігін үйрендім. Сонымен қатар, футбол динамикасын қалай жеткізу қажет, жылдам шабуыл кезінде жылдам сөйлеп, ойың бәсеңсіген сәтте, жаңылмай, сонымен қатар сөйлеу әдістерін ұқтым. Шет елдік комментаторлардың жұмысын көрдім. Журналистиканың халықаралық аренада қандай екендігін де білдім. Жалпы, мол тәжірибе жинақтадым.

– Өзіңіз білесіз, осы уақытқа дейін «ҚазСпорт» арнасында екі директор ауысты. Қазір бұл арнаны басқара алатындай азамат бар ма?

— Басшылар түрлі себептермен ауысты. Жағдай солай болып жатыр. Әрине, «ҚазСпорт» арнасын басқара алатын адамдар жеткілікті. Өте көп десем де болады. Спорттан хабары бар және журналистикада жүрген мамандар жетіп артылады. Жас әрі өз ісінің шеберлері бар. Атап айтар болсам, Есей Жеңісұлы және Дияс Ахметшәріп. Екеуінің қайсысын тағайындаса да, оп-оңай басқара алатындарына сенімдімін. Бірақ, бұл сұрақты мен шешпеймін, шешетіндер басшылықтағылар. Одан кейін министрліктер. Алайда, неге екендігі белгісіз, бір жылға жуық уақыт бойы «ҚазСпорт» арнасы директорсыз келеді. Өз басым, директор сайланғанын дұрыс деп санаймын. Себебі, басшысыз іс нәтижелі аяқталмайды.

— Осыдан бірнеше уақыт бұрын, өзіңіздің «Инстаграм» әлеуметтік желіңіздегі парақшаңызда футбол жайында бағдарлама ашу ойымда бар депсіз…

— Бұл бағдарлама менің жоспарымда екі жылдан астам уақыт бойы тұр. Басшылыққа осы жобаны ұсынғам. Олар қолдауда, бірақ материалдық-техникалық база жоқ. Ол жағында жұмыс атқаратын адамдар аз. Жалғыз өзім еш нәрсе бітіре алмаймын. Режиссер, операторлар керек. Мәселе осыған әкеліп тіреледі. Өздеріңіз білесіздер, спорттық арнамыз бен басқа да отандық телеарналарда футбол туралы бағдарлама жоқ. Сондықтан, бұл ұят жағдай. Футбол жайлы бағдарлама болуы керек «ҚазСпорт» арнасында. Өйткені, футбол нөмірі бірінші спорт. Одан бөлек, біз ел чемпионатының алты кездесуін де тарата алмаймыз. Оны түсіретін де шама жоқ. Техника жағы жеткіліксіз. Сол себепті, аптасына бір матчты түсіреміз және сол матч жайында бағдарлама жасаудың өзі қиын дүние. Ол үшін әр облыстан тілшілер тағайындап, мол қаражат құю қажет. Сондықтан, жарты сағаттық бір бағдарламаны ашудың өзі оңай емес.

— Ел чемпионатының осы маусымында қай команданың чемпиондыққа үміті мол? Қайсысы чемпион болады деп ойлайсыз?

— Бұл жерде екі команда: «Астана» мен «Қайрат». «Астана» Чемпиондар Лигасында бақ сынап жатқандықтан оларға қиындау болуда. Сондықтан, менің ойымша биыл «Қайрат» чемпион болатын секілді.

— Чемпиондар Лигасында «Астананың» топтық кезеңнен аса алуы екіталай. Бірақ, топта үшінші орын алып, Еуропа Лигасының 1/16 финалдық кезеңіне өте алады деп ойлайсыз ба?

– Мүмкіндік ешқандай жоқ деп ойлаймын. Себебі, біздің топта «Галатасарай», «Бенфика» секілді ұжымдар бар. Мадридтік «Атлетико» туралы айтпай-ақ қойса да болады. Бұл командамен кездессек, есеп айырмасы қандай болатындығын да болжаудың қажеті шамалы. «Галатасарайды» өз алаңымызда жеңіп, сырт алаңда тең ойнауға болатын шығар, бірақ топты үшінші орында аяқтауымыз мүмкін емес. Оның үстіне, «Астана» бұл додада ең алғаш рет ойнап жатыр. Сондықтан, оған кешіріммен қарауға болады. Олардың топтық кезеңге шығуының өзі ерлік. Соған да ризамын.

— «Астана» демекші, ресейлік танымал спорт комментаторы Василий Уткин осыдан бір-екі күн бұрын өзінің «Твиттер» әлеуметтік желісінде «Астана» туралы жағымсыз пікір қалдырған болатын. Уткиннің бұл ісі жайында не айтасыз?

— Бұған елордалық ұжым өздері жауап қатты. Оған еш қатыстарының жоқ екендігін жариялады. Ал Уткинді Қазақстанға шақырудың қажеті де жоқ. Шақырғаннан не пайда?

— Жақында ҚарМУ-да студенттерге дәріс оқыған екенсіз. Қалай өтті?

— Өте жақсы өтті. Аяқ астынан болды, мені бір күн бұрын шақырды. Қолым бос кез болатын, баруға келісімімді бердім. Студенттер жақсы қабылдады. Спорт журналистикасына қызығатын адамдар аз ғой, негізі. Бірақ, филология, журналистика факультеттерінің студенттері келіп қатысты. Шамамен 50-60 адамдай болды. Бұған өте риза болдым. Аудитория да жылы қабылдады. Көкейдегі сұрақтарын қойды, жауап бердім. Аз-кем жинаған тәжірибем болса, сонымен бөлістім деп ойлаймын. Мен үшін де бұл алғаш дәріс оқуым. Әрине, ҚазҰУ-да магистрант болып жүрген уақытта бакалавр студенттеріне дәріс оқығанмын. Алайда, мынадай үлкен аудиторияда бірінші рет. Осыдан соң, әлеуметтік желіден естіген еліміздің басқа да жоғары оқу орындары мені шақыруда. Алдағы уақытта Бразилияда жинаған тәжірибеммен бөлісу үшін елді аралауға дайынмын.

— Өзіңізге мәлім, футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Юрий Красножанмен осы жылдың аяғында келісімшарт аяқталмақ. Қалай ойлайсыз, онымен арадағы келісімді ұзарту қажет па, әлде жоғары деңгейлі жаңа бір бапкерді тағайындаған дұрыс па?

— Бұл өте қиын сұрақ. Юрий Красножан өте жақсы мамандардың бірі. Бірақ бұл жерде аздап саяси мәселелер бар. Бірақ, Красножанның кеткені дұрыс. Оның орнына болашағынан үміт күттіретін жас стратег маман керек. Соннмен қатар, Қазақстанға келетін маманның ойыншылармен ара-қатынасты қалыпты ұстайтын және тәртіпке шақыра білетін адам болғанын қалаймын. Тәртіп жағы біздің футболшыларда ақсап жатады. Ойын барысындағы, матч кезіндегі командалық тәртіптің жоқтығы бізде байқалады. Ойыннан тыс жағдайларда қалай екендігі бәрімізге мәлім. Айтқан тактикасын орындаттыра білетін маман қажет. Мәселен, африкалық командалардың ойыншылары өте жоғары деңгейлі. Алайда, әлем чемпионатына қатысқан олар топтық кезеңнен аса алмай жатады. Тактика бар, бірақ бірдеңе жетіспейді. Осының бәрі командалық тәртіптің жоқтығы. Сол себепті, тәртіпті бірінші кезекке қоятын жаттықтырушының болғанын қалар едім.

— Егер Юрий Красножан орнын босатып жатса, ішкі чемпионаттағы бапкерлерден кімді ұсынар едіңіз?

— Өте қызық сұрақ (ойлануда). Станимир Стойлов, Владимир Вайсс. Ұлттық құрамаға екеуін де қоюға болады менің ойымша. Мықты бапкерлер.

— Жеке өміріңізде қандай жаңалықтар болып жатыр?

— Жеке өмірімде ешқандай жаңалық болып жатқан жоқ. Әлі үйленген жоқпын, бойдақпын.

— Шәкірт тәрбиелеп жатырсыз ба?

— Шәкірт тәрбиелеп жатқан жоқпын. Жастар анда-санда ғаламтордан хабарласып, ақыл-кеңес сұрап тұрады. Олардың барлығына жауап беріп отырамын.

— Қазіргі Ұлттық құраманың ойынына мән берсек, кішкене алға жылжу байқалады. 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатында топтық кезеңге шықпасақ та, іріктеуде лайықты өнер көрсете алатын деңгейдеміз ба? Қалай ойлайсыз?

— Біздің іріктеуде лайықты өнер көрсеткен кезіміз, сонау Арно Пайперс жаттықтырған уақыт. Армения мен Әзірбайжанды артқа тастадық. Бельгиямен екі мәрте тең ойнап, Сербияны ұттық. Сол уақытты сағынамын, ол кездегі командамыз мықты еді. Топта он ұпай жинаған едік. Одан кейін мұндай нәрсе бізде болмады. Білесіздер, әр іріктеуде соңғы орынды иеленеміз. Сондықтан, біздің қазіргі мақсатымыз рейтингте барынша жоғарылау. Мен бұл жерде УЕФА-ны айтып отырмын, ФИФА-ның бізге түкке керегі жоқ әзірге. Еуропа елдері арасында жоғары көтерілуіміз және алдағы іріктеуде соңғы орын алып қалмауымыз қажет. Өйткені, біздің артымызда бір команда соңғы орында аяқтаса, бізге келесі іріктеуді бесінші жәшіктен бастауға мүмкіндік туады. Негізі, қазір алтыншы жәшіктен бастап жүрміз жеребе бойынша. Егер осылай болса, бізге Люксембург, Сан-Марино, Лихтенштейн секілді мемлекеттер қарсылас атанады. Сондықтан, одан әрі дами түсуге жол ашылады. Ал келесі іріктеуде жақсы өнер көрсетуге болады. Бірақ, жеребе сәтті болды деп ойламаймын. Бесінші кәрзіңкенің өзінен Армения түсті. Армения сол жәшіктің ең мықтысы еді. Жағдайымыз қиындау.

— Әрбір мемлекеттің өрге сүйрейтін жоғары деңгейлі ойыншылары бар. Мәселен, Арменияда Генрих Мхитарян, Польшада Роберт Левандовский. Біздің ойыншылар да жаман емес, бірақ оларда еуропалық тәжірибе аздау. Неліктен футболшыларымыз шет елге кетіп, сонда өнер көрсетпеуде? Бұған не себеп, агенттер кінәлі ме?

— Агенттердің кінәсі жоқ бұл жерде. Қазақстан футболының өзіндік кішкене бір ерекшелігі бар. Мәселен, «Қайрат» ойыншысы Сито Риераның кезінде «Галатасарайда» ойнаған Альберто Риера атты ағасы жақында словенияның бір ортаңқол клубына ауысты. Ондағы жалақысы екі мың долларды құрайды. Ал біздегі мықты легионерлер олардан үш есе жоғары табыс табады. Сондықтан, біздің футболшылар шет елге кетуді қаламайды. Оның үстіне, ішкі чемпионатта доп теуіп үйреніп қалған, мұнда оларды бәрі таниды. Сыртқа шығып, аз жалақыға еңбек етіп және сол жаққа үйрену үшін біраз уақыттың кететіндігін ойлап, тәуекелге барғысы жоқ. Мәне, сол себепті біздің футболшылар ешқайда шықпайды. Бұдан бөлек, клубтарымыз жергілікті әкімшілікке қарамай, жекешелендіруді бастауы керек. Сонда ғана клуб басшылықтары ойыншыларын шет елге сатып, ақша таба алады. Қазір, «Астана» мен «Қайрат» қана осындай дүниелермен айналысып жатқан.

— Ұлттық құрамамызға шет елдік ойыншыларды қосу жайында не ойлайсыз? Мәселен, Рохер Каньясты натуралдау жөнінде ұсыныстар айтылуда.

— Оған екі түрлі жауап бар. Біріншіден. Каньяс Қазақстанда қаншама жыл өмір сүріп келеді, елімізді жақсы біледі. Ал, бізге амал жоқ, керек осындай футболшы. Өйткені, бізде ол секілді мықты тіреуіш жартылай қорғаушы табылмауда. Самат Смақов шаршады, бұрынғыдай ойнамауда. Оған ешкімнің өкпесі жоқ. Ол ертеңгі күні спорттық мәнсабын аяқтайды. Оның орнын кім баспақ? Жуковтың істеп жүргені белгілі. Сондықтан, осы позицияға мықты ойыншы керек. Каньясты алса, өз басым қуанар едім. Ал екінші жағына келер болсақ. Қазіргі уақытта Исламбек Қуат, Мирас Түлеев секілді жас ойыншылар өздерін Премьер-Лигада жақсы жағынан көрестіп келеді. Қуат «Қайрат» сапында жарқылдап жүр, Түлеев болса жастар құрамасында тәп-тәуір өнер көрсетуде. Осындай ойыншылар жетіліп, енді мықты футболшыға айнала бастаған сәтте, оның орнына Ұлттық құрамаға колумбиялық азаматты қояды. Бұл біз үшін де, олар үшін де өкінішті. Сол себепті, оның екі түрлі жағы бар. Айтуға қиындау дүние. Бірақ, негізі қарсы емеспін. Себебі, олар біздің футболды көтереді. Футболымыз көтерілсе, Еуропадағы біз туралы пікірлер жөнделіп, беделіміз көтерілмек. Ал, беделіміз жақсарса, еліміздегі футболға деген құштарлық оянады. Ата-аналары балаларын осы спорт түріне беруге асығады. Бұл дегеніміз таланттардың шығуына себеп болмақ. Сол кезде ғана өз түлектерімізге сенім артып, шет елдік легионерлерге үміт артпаспыз.

— Рахмет, Ермұхамед аға, сұхбат бергеніңізге. Сізге қызметте және өмірде тек қана сәттілік тілеймін!

Сұхбаттасқан: Есбол Қарағұл

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или