«Қайраттың» түлегі елордалық команда сапына ауысты

«Қайраттың» түлегі елордалық команда сапына ауысты

Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек астаналық «Жеңістің» қатарына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Футболшы астаналық командамен Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына барып, алғашқы жаттығуын сонда өткізіп үлгерді.

Кенжебек алматылық «Қайраттың» түлегі. Ол 2020 жылы негізгі команда сапында дебют жасады.

Жартылай қорғаушы әртүрлі жастағы қазақстандық жастар құрамаларында өнер көрсетті. Ол ресейлік Краснодар және СКА-Хабаровск клубтарындағы сынақтарға қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или