Роналдиньо қай футболшының «Алтын доп» алғанын қалайтынын айтты

Роналдиньо қай футболшының «Алтын доп» алғанын қалайтынын айтты

Бразилиялық футбол аңызы Роналдиньо ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>«Мбаппе сияқты тамаша ойыншы кез келген командада «Алтын доп» ала алады. Бірақ мен ПСЖ-ны жақсы көретін болғандықтан, ол «Алтын допқа» ПСЖ-да қол жеткізгенін қалаймын. Ол жеңіп алады деп үміттенемін. Килиан жақсы дос және өте жақсы адам. Маған оның ойын стилі ұнайды»</span>

<span>Айта кетейік, Килиан Мбаппенің ПСЖ-мен келісімшарты алдағы жазда аяқталады. Футболшыға мадридтік «Реал» көз тігіп отыр.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или