Еуро-2024 жеребесі тартылды. Қорытынды

Еуро-2024 жеребесі тартылды. Қорытынды

Қазақстан құрамасы Еуроға шыққан жағдайда Түркия, Португалия және Чехиямен ойнайды. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

Гамбург қаласында 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті.

Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024-ке шыққан жағдайда “F” тобында Түркия, Португалия және Чехия командаларымен кездеседі.

Еуропа чемпионаты 2024 жылдың 14 маусымында басталады.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына шығу үшін алдымен Грекияны, содан соң Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазын ұту керек.

Ұлттар лигасының плей-офф матчтары 2024 жылдың 21 және 26 наурыз күндері өтеді.

Ұлттар лигасы плей-офф кезеңі:
Жартылай финал
21.03.2024
Грекия - Қазақстан
Афина, Грекия

Финал
26.03.2024
Грузия/Люксембург

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или