«Манчестер Юнайтед» Анчелоттиге ұсыныс жасауы мүмкін
«Манчестер Юнайтед» келесі маусымда бас бапкер ретінде Эрик тен Хагты ауыстыру үшін Карло Анчелоттиге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Испанияның Tiempo de Juego радиосының Cope бағдарламасы Анчелоттиге «келесі маусымға жаттықтырушы іздеп жатқан» Премьер-Лига клубынан ұсыныс түскенін хабарлайды.
64 жастағы Анчелотти қазір «Реалды» жаттықтыруда, бірақ маманның мадридтік клубпен келісімшарты маусымның соңында аяқталады. Бұған дейін БАҚ-та Анчелотти «Реалдан» кеткеннен кейін Бразилия құрамасын баатайды деген ақпарат пайда болды, бірақ соңғы уақытта бұл ақпаратты жоққа шығаратын көптеген қауесеттер шықты.
Айта кетейік, Анчелотти қазіргі уақытта Еуропаның барлық үздік 5 чемпионатын, сондай-ақ Чемпиондар лигасының 4 кубогын жеңіп алған жалғыз бапкер.