Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Норвегиядан ірі есеппен ұтылды

Астана қаласындағы Қ.Мұңайтпасов стадионында өткен Еуро-2017 іріктеу турнирінің кезекті тур ойынында жерлестеріміз норвегиялық футболшы қыздарды қабылдады.

Отандастарымыз қарсыластарынан жауапсыз төрт гол жіберіп алды. Үзіліске дейін Хегерберг дубль жасаса, екінші таймда Хови екі рет қанжығасын майлады.

Енді Қазақстан әйелдер құрамасы келесі ойынын 22 қазанда Израиль құрамасына қарсы өткізеді.

Қазақстан — Норвегия 0:4 (0:2)

Гол: Хегерберг 19 (0:1), Хегерберг 27 (0:2), Хови 51 (0:3), Хови 61 (0:4)

Ескерту: Демидова 69 минут.

Қазақстан: Гребенюк, Красюкова, Кәрібаева (Құлмағамбетова 29), Жолчиева (Демидова 53), Жанатаева, Қырғызбаева, Бабшук, Айтымова, Пяткина, Вылданова, Ялова (Жұмабайкызы 89)

Норвегия: Йельмсет, Лунн, Педерсен, Мьельде, Хольстад-Берге, Вольд (Торснес 87), Мючоланн (Хегерберг Ан. 46), Минде, Утланд Л-М. (Йенсен 64), Хови, Хегерберг Ада

Бас төреші: Симона Гизлетта (Швейцария)

22 қыркүйек. Астана. Қажымұқан Мұңайтпасов стадионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или