Қазақстан құрамасының камбэк жасаған матчы Еуро-2024 іріктеуіндегі үздіктер тізіміне енді

Қазақстан құрамасының камбэк жасаған матчы Еуро-2024 іріктеуіндегі үздіктер тізіміне енді

УЕФА ресми сайты 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі ең үздік матчтар тізімін жасады, оның ішінде наурыздағы Қазақстан құрамасының Данияға қарсы кездесуі де бар, деп хабарлайды Prosports.kz

«Еуро-2020 жартылай финалистері Расмус Хойлунд бірінші таймда екі гол соққаннан кейін Астанада жеңіске сеніммен келе жатқан.

Бірақ Қазақстанның бұл матчта жоспары басқа болды: алаң иелері соңғы 17 минутта үш гол соғып, сенсациялық жеңіске қол жеткізді. Абат Айымбетовтың баспен соққан шешуші голы жанкүйерлерге зор қуаныш сыйлады.

Бұл Қазақстанның Данияға қарсы бесінші матчтағы алғашқы жеңісі болды және бұл ойын қазір құрама тарихындағы үздік матчтардың бірі болып саналады», - делінген мәтінде.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда Қазақстан құрамасы Данияға қарсы ойында (3:2) матч барысында 0:2 есебімен жеңіліп жатып, камбэк жасаған болатын. Қазақстан құрамасы сапында Бахтиёр Зайнутдинов, Асхат Тағыберген және Абат Айымбетов голдың авторы атанған еді.

Айта кетейік, бұған дейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиевке Еуро-2024 іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсеткені үшін автокөлік сыйға тартылды.

Фото: ҚФФ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или