Футболдан Қазақстан құрамасының бапкеріне қымбат сыйлық табысталды

Футболдан Қазақстан құрамасының бапкеріне қымбат сыйлық табысталды

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиевке көлік сыйлады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Адиев қымбат сыйлық туралы жаңалығын Инстаграм желісінде бөлісті.

Суретте бизнес-класс көлігінің кілттері көрсетілген. Алайда бапкер көліктің маркасы мен моделін атамады. Болжам бойынша, кілттер жаңа Mercedes-Benz немесе BMW-ге тиесілі. Бапкер көліктің суретін де жарияламады.

Ұлттық құрама бапкері сыйлықты ішінара лайықсыз деп санайтынымен бөлісті.

«Бұл сыйлықты ішінара лайықсыз деп санаймын, себебі, менің ойымша, бапкер ретінде де, команда ретінде де жанкүйерлер алдында қалаған нәтижелерге қол жеткізген жоқпыз. Мен және әріптестерім Еуропа чемпионатына шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деп жазды Адиев инстаграм парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или