Қазақстан құрамасының бас бапкері Ұлттар лигасындағы жеңіліс туралы пікірін айтты

Қазақстан құрамасының бас бапкері Ұлттар лигасындағы жеңіліс туралы пікірін айтты
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов Израильмен өткен ойын туралы пікір айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ сайтына сілтеме жасап.

– Ойын өте қиын болды. Өкінішке қарай, бір футболшымыз қызыл қағаз алып қалды, сол себепті келесі ойында ротация болады. Басқа ойыншылар өздерін көрсетеді деп сенеміз. Израильмен екінші ойыннан кейін өз алаңымызда Эстония және Армения құрамаларын қабылдаймыз. Барша футбол жанкүйерлерін 1 және 5 желтоқсан күні «Астана Арена» стадионына шақырамын. Жақсы ойын көрсетіп жанкүйерлерімізге қуаныш сыйлауға тырысамыз.

<span>Еске салсақ, Қазақстан құрамасы 23 қарашада Ұлттар лигасында Израильдан 0:2 есебімен жеңілген болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или