Гарри Кейн Бундеслигада екі рекорд жаңартты
24 қарашада «Бавария» Бундеслиганың 12-туры аясындағы ойында «Кельнді» (1:0) жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz<span style="color: #282c32; font-size: 15px;">.</span>
Матчтағы жалғыз голды Гарри Кейн соқты. Англиялық шабуылшы бастапқы 12 турда 18-гол соқты. Осылайша Кейн Бундеслига тарихында мұндай жетістікке жеткен алғашқы ойыншы атанды.
Сондай-ақ ол Бундеслига маусымында 18 гол соққан алғашқы ағылшын футболшысы атанды. Бұған дейін Джейдон Санчо (2019/20 жылғы маусым) мен Кевин Киган (1978/79 жылғы маусым) 17 гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или