Рэмсдейл қыркүйектің басынан бері алғаш рет «Арсенал» қақпасына оралады
«Арсенал» қақпашысы Аарон Рэмсдейл күз басталғалы бері алғаш рет қақпаға оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Фабрицио Романоның ақпараты бойынша, Дэвид Рая «Брентфордтан» жалға алынғандықтан, оларға қарсы матчта ойнай алмайды, ал «Арсенал» бапкері Микель Артета Рэмсдейлдің матчтың негізгі құрамында болатынын растады.
25 жастағы Аарон Рэмсдейл «Арсенал» сапында соңғы рет 3 қыркүйекте «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойында өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или