ЕУРО-2024 плей-офф кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. Трансляция
Бейсенбі, 23 қарашада ЕУРО-2024 плей-офф кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеребе тарту рәсімі Швейцарияның Ньон қаласындағы Еуропа футбол үйінде өтеді.
Әр топ үшін плей-офф іріктеуі мынадай болады:
Жартылай финал – С тобы: Грузия (1) – Люксембург (4), Грекия (2) – Қазақстан (3)
Жартылай финал – В жолы: Израиль (1) – Украина/Исландия (4)*, Босния және Герцеговина (2) – Финляндия/Украина (3)*
Жартылай финал – А жолы: Польша (1) – Эстония (4), Уэльс (2) – Финляндия/Украина/Исландия (3)
C жолы, финал: Грузия/Люксембург – Греция/Қазақстан (жеребе тартылады)
С лигасы жолдамасын С лигасы топтарындағы үш жеңімпаз – Грузия, Грекия және Қазақстан, сондай-ақ С лигасы тобында екінші орын алған Люксембург құрамасы сарапқа салады. Жеребе тартылмайды, C жолы жартылай финалы мынадай болады:
А. 1-жартылай финал: Грузия – Люксембург
б. 2-жартылай финал: Грекия – Қазақстан
Фианлдық матч қай құраманың алаңында өтетіні жеребеде анықталады.
2024 жылы 21 наурызда алты жартылай финал, 26 наурызда үш финал өтеді. Осы ойындарда жеңімпаз атанған үш команда 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алады.
Жеребе тарту рәсімі Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады, оны UEFA.com сайтынан және UEFA EURO 2024 ресми қосымшасынан тікелей эфирде көруге болады.