Адиев «Ақтөбенің» тізгінін ұстай ма?

Адиев «Ақтөбенің» тізгінін ұстай ма?

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиевтің «Ақтөбенің» тізгінін ұстауы мүмкін деген ақпараттың мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span>тілшісі<span> </span>Kozhakhmet_Inside телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, Магомед Адиев жақын арада Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерлерін жаттықтырмайды.

«Бірақ бұл Адиевтің «қызыл-ақтармен» байланысы болмайды дегенді білдірмейді. Ол клубтың спорт мәселелері бойынша кеңесшісі болуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, «Ақтөбе» мен ҚФФ арасында біраз келісім бар, олар негізінен білім саласына, басшылыққа қатысты», - дейді арна авторы.

Айта кетейік, бұған дейін Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінде қалатыны хабарланған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или