Ди Мария Аргентина құрамасы сапындағы ойын саны бойынша Мессиден кейін екінші орынға шықты
«Бенфика» жартылай қорғаушысы Анхель Ди Мария Оңтүстік Америкадағы іріктеу кезеңіндегі Аргентина құрамасының сапында өнер көрсету саны бойынша «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Мессиден кейін екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кеше Бразилия құрамасына қарсы өткен ойында Ди Мария 52 кездесуін өткізді. Лионель Месси 65 Аргентина мен «Интердің» бұрынғы қорғаушысы Хавьер Санетти - 51 матч өткізді.
Аргентиналықтар Бразилияға қарсы кездесуде жеңіске жетті. Жалғыз голды 63-минутта Николас Отаменди соқты.
Аргентина 2026 жылы Оңтүстік Америкада өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде алты кездесуден 15 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. Бразилия құрамасы алтыншы орында. «Селесаода» жеті ұпай бар.
35 жастағы Анхель осы жаздан бері «Бенфика» сапында ойнайды. Жартылай қорғаушы бұған дейін «Ювентус», «ПСЖ», «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» сынды командаларда өнер көрсеткен.