Асхат Тағыберген алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Асхат Тағыберген алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Асхат Тағыберген 4 аптадан соң алаңға оралады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

<span>Футболдан ұлттық команда капитаны Асхат Тағыберген жарақат алып, соңғы матчтарға қатыса алмады. Осыған байланысты футболшының өзі мәлімдеме жасады.</span>

<span>«Бәрі ойдағыдай болса, 4 аптадан соң алаңға шығып, жаттығуға кірісемін. Келесі ойынға дайындаламыз», - деді Асхат.</span>

<span>Жартылай қорғаушы тура бір ай бұрын «Ордабасы» мен «Шахтер» арасындағы матчта ауыр жарақат алды. Содан бері жасыл алаңға шықпады. Әсіресе ұлттық команданың Сан-Мариноға және Словенияға қарсы кездесулеріне қатыса алмады.</span>

<span>Асхаттан бөлек, Қазақстан құрамасы сапында дәл қазір Бахтиёр Зайнутдинов, Бауыржан Исламхан, Михаил Габышев және Бағдат Қайыров та жарақат алып қалды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или