Оразов Словениямен өткізген матчтан кейін марапатталды
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Словенияға қарсы ойында үздік ойыншы деп танылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оразов Қазақстанның матчтағы жалғыз голын соқты. Рамазанның марапатқа ие болған суреті ҚФФ-ның ресми Instagram желісінде жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2024-ке іріктеу тобынан тікелей жолдама ала алмай, шешуші іріктеу матчында Словениядан жеңіліп (1:2) қалды.
Магомед Адиев шәкірттері Ұлттар лигасында Грекиямен ойнайды. Матч 21 наурызда өтеді. Параллельді жартылай финалда Грузия мен Люксембург құрамалары кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или