Қазақстан құрамасының қарашадағы ойындарын 46 мың жанкүйер тамашалады

Қазақстан құрамасының қарашадағы ойындарын 46 мың жанкүйер тамашалады

Қазақстан құрамасының қараша айындағы матчтарына көрермендер саны есептелді. Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екі матчын 46 532 көрермен тамашалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астанадағы «Астана Арена» стадионында Сан-Марино құрамасына қарсы өткен матч 30 100 көрермен жинап, Қазақстан құрамасы үшін өз алаңындағы матчтардағы рекорд болды.

Үш күннен кейін Люблянадағы «Стожице» аренасында Словения құрамасына қарсы өткен матчты 16 432 көрермен тамашалады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или