Ойрат Сәдуов: «Тең нәтиже әділетті болар еді»

Ойрат Сәдуов: «Тең нәтиже әділетті болар еді»

19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының бас бапкері Ойрат Сәдуов Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Хорватия құрамасына қарсы кездесу туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Ойын тең дәрежеде өтті деп айтуға болады, - дейді Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Ойрат Сәдуов. - Басымдық қолдан қолға өтті. Біздің команда ойын алаңында басымдыққа ие болды. Өкінішке қарай, гол соға алмадық. Оралхан Өміртаев мүмкіндікті мүлт жіберді. Хорватия құрамасының қақпашысы тамаша ойнай білді. Біздің қақпашы Олег Грубов та бірнеше сәтте қақпасын голдан құтқарып қалды. Венгриямен өткен ойыннан кейін ойыншылардың психологиялық жағынан дайын болғаны қуантты. Алаң иелеріне қарсылық көрсете алды. Тең нәтиже әділетті болар еді... Дегенмен іріктеу кезеңінің келесі айналымына шығуға мүмкіндік бар. Ол үшін өз тобымызда үшінші орын алу керек. Соңғы ойында Черногория құрамасын жеңуге тиіспіз. Жауапты ойынға мұқият дайындалып жатырмыз. Шәкірттерім бұл ойындағы жеңістің маңыздылығын түсінеді.

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или