Роман Заев: «Бізге әлі де еңбек ету керек»

Роман Заев: «Бізге әлі де еңбек ету керек»

19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері Роман Заев Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Венгрия құрамасына қарсы кездесу туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Екінші турда Венгрия құрамасы Сербия футболшыларын ұтқаннан кейін, іріктеу кезеңінің келесі айналымына шығуға мүмкіндік болған еді, - дейді Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Роман Заев. - Алайда, бізге үш доп соғу керек болды. Сондықтан жылдам гол салуға үміттендік. Қазақстан футболшыларының алға ұмтылды. Қарсыластың қарымта шабуылы қауіпті болатын. Алайда, бізде басқа мүмкіндік болған жоқ. Тәуекелге баруға тура келді. Венгрия құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Жаннет Коян барлық шабуылды ұйымдастыруға қатысты. Алайда, біздің қорғаушылар оның арынына төтеп бере алады. Венгриялық футболшы жеке шеберлігінің арқасында екі гол соқты. Өкінішке қарай, гол соғатын сәттерді жүзеге асыра алмадық. Бізге әлі де жұмыс істеу керек. Әрі қарай жұмыстың бағытын анықтаймыз. Жеңіс міндетті түрде келеді. Қазақстан дарынды жас футболшылар өсіп жатқанын білемін.

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или