Йоан Андоне: «Жаңа Әкімнің көзінше жеңіске жеткенімізге қуаныштымын»

«Ақтөбенің» бас бапкері Йоан Андоне «Атырауға» қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Қиын ойындардың бірі болды. Мен қалағандай тамаша ойын болмады, себебі қарсыласымыздың бапкері біздің команданы жақсы біледі және бұл ойынға дайындалып келген. Бірінші таймда қарсыласымыз шабуылдарымызға тоқтау қоя білді, сондықтан өте аз мүмкіндіктер болды. Олар әдейі ойын қарқынын төмендетіп тастады – сол үшін ойын тәрбітін көп бұзды. Бірінші таймда шабуылдарымызды қаптал арқылы жасадық, ал орталық аймақты қарсыласымыз жақсы жауып тастады. Екінші тайм басқаша болды. Ойынға тыңнан қосылған ойыншыларымыз, мысалы, Данило Сирино секілді, қысымды күшейтіп, қақпаны торуылдаумен болды. Ойын көрінісін өзгерте алдық.

Өз футболшыларымды біз еншілеген үш ұпаймен құттықтаймын. Осы матчта көрсеткен ниеттері мен жігерлері үшін алғыс айтамын. Жаңа Әкімнің көзінше жеңіске жеткенімізге қуаныштымын, бірақ сонша мүмкіндік бола тұрып, бір ғана гол салғанымыз өкінішті», - деді Андоне.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или