Сарапшылар Словения - Қазақстан ойынында қай құрама жеңіске жететінін болжады
2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Словения футболшыларына қарсы маңызды кездесуде Қазақстан құрамасының мүмкіндігі айтылды.
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысының cегізінші турында Қазақстан құрамасы Н тобындағы басты қарсыласы Словениямен әлемдік доп додасының жолдамасына таласады.
Футбол сарапшылары мен букмекерлік орталықтар алдағы ойында алаң иелері Словенияның жеңіске жетуге мүмкіндігі жоғары деп бағалап отыр.
Айта кетейік, Н тобында 22 ұпаймен Дания құрамасы І тур бұрын Еуропа чемпионатына жолдама алып қойған болатын.
Топтық кезеңдегі соңғы ойын алдында Словения құрамасының еншісінде 19, ал Қазақстан құрамасында 18 ұпайдан бар. Еуро-2024 турниріне жолдама алу үшін қазақстандық футболшылар словениялықтарды сырт алаңда жеңуі керек.