Қазақстан құрамасының Сан-Мариноға қарсы ойындағы үздік және ең нашар ойыншылары анықталды
Whoscored.com және Sofascore.com статистикалық сайттары футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы Сан-Марино құрамасына қарсы ойында (3:1) Қазақстан құрамасының ойыншыларына ұпай берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осы кездесуде дубль жасаған жартылай қорғаушы Ислам Чесноков кездесудің үздік ойыншысы атанды. Ол WhoScored сайтынан 8,6 ұпай және SofaScore 8,3 ұпай алды. Қазақстан құрамасының ең нашар ойыншысы деп қақпашы Игорь Шацкий танылды. WhoScored қазақстандық қақпашыға 6,0 ұпай, SofaScore - 6,3 ұпай берді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен тоғыз матчтың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 18 ұпай бар және Еуро-2024-ке жолдама үшін күресті жалғастыруда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или