«Реал Мадрид» жартылай қорғаушысы екі айға жуық уақыт алаңға шыға алмайтын болды
«Реал Мадрид» жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга жарақатына байланысты екі айға жуық уақыт алаңға шыға алмайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі AS басылымына сілтеме жасап.
Камавингаға оң тізе буынының зақымдануы диагнозы қойылды. Эдуардо Франция құрамасымен жаттығу кезінде жарақат алған. Ол Усман Дембелемен соқтығып қалған.
Дәлірек диагноз кейінірек белгілі болады. 21 жастағы Эдуардо Камавинга «Реал Мадрид» сапында 116 матч өткізіп, екі гол соғып, бес нәтижелі пас берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или