«Ақтөбе» орталық шабуылшысымен қоштасты
Бразилиялық орталық шабуылшы Элдер Сантана келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Ақтөбе» сапынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Рақмет, Элдер!

Бразилиялық орталық шабуылшы келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Ақтөбеден» кетті.
30 жастағы ойыншы маусым басында «ақ-қызылдар» сапын толықтырып, барлық турнирлердегі 33 матчта 6 голмен және 6 нәтижелі паспен көзге түсті.
Қазақстан Премьер-лигасының үздік шабуылшыларының бірі атанып, «Ақтөбемен» бірге қола медаль иеленді.
«Ақтөбе» футбол клубы Элдер Сантанаға өзара ынтымақтастық үшін алғыс білдіре отырып, алдағы мансаптық жолына мол табыс тілейді», - делінген клуб хабарламасында.