Петр Чех кәсіби хоккей командасына ауысты

Петр Чех кәсіби хоккей командасына ауысты

"Челси" футбол клубының бұрынғы қақпашысы және капитаны Петр Чех ағылшындық "Белфаст Джайантс" хоккей клубына ауысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

"Белфаст Джайантстың" ресми сайтына сілтеме жасап. Петр Чех – Ұлыбританияның "Белфаст Джайантс" хоккей клубына жалға беру келісімшартымен ауысты.

"Біз Оксфорд Сити Старз хоккей клубына және Петрға ризамыз. Чех шеберлігі жоғары деңгейдегі спортшы және өзі ойнаған командасын да жоғары жетістіктерге жетелейді", – деді "Белфаст" командасының бас бапкері Адам Киф.

"Белфаст Джайантс" – Петр Чехтың алғашқы хоккей клубы емес. Чехиялық осыған дейін "Гилфорд Феникс" және "Челмсфорд Чифтейнс" сияқты хоккей клубтарында қақпашы болған. Ал "Белфаст Джайантс" Ұлыбританияның қазіргі чемпионы.

Айта кетейік, Петр Чех "Челси" футбол клубы сапында 494 матч өткізген. Ал футболшы мансабын 2019 жылы аяқтаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или