Құттыбай Досманбетов «Байқоңырға» бапкер-кеңесші болып тағайындалды

Тәжірибелі жаттықтырушы Құттыбай Досманбетов «Байқоңыр» футбол командасында бапкер-кеңесші қызметін тағайындалды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Естеріңізге сала кетейік, Құттыбай Досманбетов «Байқоңырды» 2014 жылы жаттықтырып, команданы Бірінші лигаға шығарған болатын. Алайда, денсаулығына байланысты 2015 жылдың басында қызметінен өз еркімен кеткен. Енді міне, білікті маман командаға қайта оралып отыр.

Құттыбай Досманбетов, «Байқоңыр» командасының бапкер-кеңесшісі:

- Командаға қайта келгеніме қуаныштымын. Қазір денсаулығым жақсы. Командаға пайдамды тигіземін деп ойлаймын. Әлбетте, жарты жылдың ішінде футболшылардың шеберліктері едәуір толысқан. Дегенмен, сырттай байқап жүремін, әлеуеттері бұдан да зор. Алдағы уақытта «Байқоңырдың» ойыншылары Премьер-лигада ойнайтындай дәрежеге жетуі тиіс.

Құттыбай Жәмиұлымен болған сұқбаттың толық нұсқасын таяу уақытта ұсынатын боламыз.

«Қайсар» ФК ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или