«Оқжетпес» екінші алтылықта көш бастады

Көкшетаулық «Оқжетпес» Премьер-лиганың 26-турында Талдықорғанда жергілікті «Жетісуды» тас-талқан етті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Матч бойы қонақтар допқа иелік етіп, басымдықта болды. Ал ойынның есебін 39-минутта Әлібек Бөлешев ашты. Бұрыштамадопта алаң иелері Әлібекті қараусыз қалдырып, көкшетаулық шабуылшы өз мүмкіндігін жібермеді – 1:0.

Екінші таймда қонақтар тағы екі гол салад алды. Алдымен 76-минутта Лука Роткович қорғаушылардың қателігін пайдаланып, есепті еселеді. Төреші қосқан қосымша уақытта «Оқжетпес» жылдам қарымта шабуыл ұйымдастырып, нәтижесінде Роткович қанжығасын екінші рет майлады. Қорытынды есеп – көкшетаулықтардың пайдасына 3:0.

Бұл жеңістен кейін 21 ұпай жинаған «Оқжетпес» турнир кестесінің жетінші орнына тұрақтады. Ал «Жетісудың» еншісінде 15 ұпай бар.

«Жетісу» (Талдықорған) – «Оқжетпес» (Көкшетау) 0:3 (0:1)

Голдар: 0:1 – Бөлешев (39), 0:2 – Роткович (76), 0:3 – Роткович (90+1).

«Жетісу»: Шабанов, Әділханов, Герасимов, Горячий (Әмірсейітов, 72), Эргашев, М. Азовский (Шахметов, 43), Барзукаев, Самигуллин, Ғалиақберов, Савич, Тұрысбек.

«Оқжетпес»: Абжанов, Төлиев, Чижов (Е. Азовский, 78), Волков, Куксин, Нұржанов (Шабалин, 80), Павлов, Цветкович (Роткович, 75), Чертов, Бөлешев, Гридин.

Ескертулер: Куксин (23), Чижов (30), Самигуллин (35), Савич (53).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или