«Астана» – «Атлетико» арасындағы кездесудің билет құны белгілі болды

«Астана» – «Атлетико» арасындағы кездесудің билет құны белгілі болды

«Астана» – «Атлетико» арасындағы кездесудің билет құны белгілі болды. Еске сала кетейік, 30 қыркүйекте елордалық клуб өз алаңында «Галатасарайды» қабылдайды.

«УЕФА өкілдері «Галатасарай» мен «Бенфика» клубына қарсы ойында билет құны 2 мың мен 10 мың теңге аралығында болу керектігін айтты. «Атлетико» клубына қарсы матчта ең қымбат билет 12 мың теңге болады. «Жұмсақ» және ВИП-орындарға бөлек баға қарастырылған. Билеттердің көшірмесін жасау мүмкін емес. Стадионға кірер ауызда билеттер арнайы құрылғымен тексеріледі», - деп жазылған елордалық клубтың хабарламасында.

Айта кетейік, бірден үш кездесудің билеттері сатылымға шығады. Сондықтан да жанкүйерлер өзіне ыңғайлы орынды алдын ала сатып ала алады.

Tengrinews.kz материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или