«Астана» өз алаңында «Балканиді» жеңе алмады

«Астана» өз алаңында «Балканиді» жеңе алмады

Бүгін «Астана» Конференция лигасының 4-туры аясында өз алаңында «Балкани» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана Аренада» өткен матчта командалар 0:0 есебімен тең түсті. Матч соңына қарай алаң иелері есеп ашу үшін шабуылға бар күшін салып еді, бірақ гол соға алмады.

Осылайша, елордалықтар өз тобында 4-ұпайын еншіледі. «Балканиде» де осынша ұпай бар. Бүгін С тобы аясында «Виктория» Пльзень мен «Динамо» Загреб күш сынасады.

«Астана» болса, енді 30 қарашада өз алаңында загребтік «Динамомен» кездеседі. 

«Астана» ( Қазақстан) - «Балкани» (Косово) (0:0)

Төреші: Берке (Венгрия)

9 қараша. Астана. «Астана Арена» стадионы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или