Красножан мырза, орныңызды босатсаңыз...

Красножан мырза, орныңызды босатсаңыз...

Жылдың соңында Юрий Красножанның Қазақстан құрамасы тізгінін ұстағанына 2 жыл болады. Ресейлік маманмен келісімшарт мерзімі аяқталуына жақын қалды, ал оның Қазақстан құрамасымен көрсеткен нәтижесі көңіл көншітерлік емес. 15 кездесудің жетеуінде жеңіліс тауып, 6 ойында қарсыластармен тең түскені бар. Сол себепті ҚФФ басшылығы Красножан мырзаға тағы сенім арта қоюы екі талай.

Егер де, ресейлік маман қызметімен қош айтысса, оның орнына кім келуі мүмкін? Ойландыратын сұрақ... Қазақстан құрамасын өрге сүйрей алатын бапкер бар ма? Кімге үміт артуға болады? Осы сұрақтарға «PROСПОРТ» тілшісі жауап іздеп көрді.

«Премьер-Лигадағы ең мықты бапкер кім?» дегенде футбол жанашырларының пікірі қақ жарылады. Бірі -«Қайраттың» бапкері Владимир Вайсс десе, енді біреулері елордалық ұжымның тізгінін ұстаған Станимир Стойловдері анық. Бұдан бөлек, отандық Талғат Байсуфинов, Владимир Никитенко мен Дмитрий Огай секілді жаттықтырушылар бар.

5 орын

Дмитрий Огай – өз ісінің шебері. Бұл бапкердің қол астында ойнаған футболшылар Огайдыөте салмақты, тәрбиелі тұлға дейді. Дмитрий орыс тілін жетік біледі. Яғни, тактиканы еш мүдірместен, қиындықсыз жеткізе алатын бапкер. Оның екінші ерекшелігі - отандық футбол қойнауын жақсы білетіндігінде. Қандай мықты футболшы барын, кімді Ұлттық құрамаға шақыртып, кімді аластатуды қапелде сақтап жүреді үнемі.

4 орын

Құрбан Бердыев. «Рубин» тізгінін ұстағанда «Камп ноуды» шулатқан отандасымыздыбүтін Еуропа жақсы біледі. Құрбан Бердыевке қазақ футболы таңсық емес. Кезінде алматылық «Қайрат» сапында доп тепкен. Кейіндеу келе, жаттықтырушы қызметіне ауысып осы «Қайратты» баптағаны бар. «Тараз», «Каспий» командаларын да өрге сүйреген. Қазіргі таңда Бердыев ресейлік «Ростов» клубын жаттықтыруда. Сол себепті Қазақстан құрамасына келе қоюы екі талай. Дегенмен, осыдан біраз уақыт бұрын «Құрбан Бердыев қазақ құрамасын баптайды» деген сыбыс шыққан.«Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды».

3 орын

Станимир Стойлов. Сөзсіз, бұл бапкердің есімі қазақ футболының тарихында алтын әріптермен жазылады. Былтырғы жылы маусым ортасында елордалық командаға келе салысымен, чемпиондық ойын тәсілін енгізіп, басына«тәж»тақты. Онымен қоса, ағымдағы маусымда «Астананы» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты. Станимир Стойлов -Болгария Ұлттық құрамасын жаттықтырған, демек халықаралық деңгейде тәжірибесі бар. Бірақ, көріп отырғанымыздай, болгариялық маман жергілікті футболшылардың деңгейімен таныс емес секілді. «Астана» сапында тек бірді-екілі Ұлттық құрама деңгейінде ойнайтын футболшылар бар (Шомко, Жолшиев, Нөсербаев). Ал Қазақстан құрамасында Кетевоама, Твумаси, Максимович секілді мықты легионерлер жоқ. Сол себепті бұл бапкердің кандидатурасын ерекше қарастыру керек.

2 орын

Қазақ футболындағы беделді бапкерлердің бірі – Талғат Байсуфинов. Бірақ бұл жаттықтырушының соңғы уақытта жұмысы жүрмеуде. «Ертістен» кеткелі, көзден де тасаболды. Отандық футболсүйер қауым бапкердің бұл ісін түсіне алмай, уайымдаушылығын білдірді. Бертін келе, «Ақжайықтың» бас бапкері қызметіне тағайындалды. Талғат Байсуфиновтің бапкерлік мәнсабыкерекулік командамен байланысты. Бұл маман – жергілікті футболшылардың қыр-сырын өте жақсы біледі. Кез келген ойыншының ебін таба алады және жұмысына адал. Нағыз патриот деуге келеді. Отандық футболдың кемшілігін әрдайым айтып отыратыны бар. Егерде Байсуфинов мырза Ұлттық құрама тізгініне келер болса, талай өзгерістердің болары сөзсіз.

1 орын

Алматылық «Қайрат» командасы қайта өрлеу кезеңінде. Үш жылдың ішінде ортаңқол команданыбиікке шығарған Владимир Вайсс жанкүйрлердің ерекше ықыласына бөленді. «Қайрат»биылғы маусымда чемпиондықтан дәмелі.Егер мақсатына жетсе, словакиялық маман қазақ жерінде тағы бірнеше жылға қалуы ғажап емес. Сонымен қатар, көпетеген футбол мамандары бұл бапкердің жас футболшылардың талантын аша білетін қасиетін атап өтеді. Шыныменде, «Қайратқа» келген ойыншылардың көбісі өз ойынын тауып, сәтті өнер көрсетуде. Солардың ішінде, Бауыржан Исламхан, Ермек Қуантаев, Аслан Дарабаев, Исламбек Қуат, Виталий Ли, Станислав Лунин, Владимир Плотников, Тимур Рудосельский секілді футболшылар бар. Владимир Вайсс мықты психолог, ойыншыларға не керектігін, олардан нені талап ететіндігін жақсы түсіндіре біледі. Егерде, словакиялық бапкерге Қазақстан құрамасының тізгінін ұстатып, шамалы уақыт берсе, нәтиже болары анық.

Юрий Красножан келгелі Ұлттық құраманың ойыны біршама жақсарып қалды. Бұрынғыдай 90 минут бойы қорғаныс үшін қам жемей,шабуылға араласуды тамашаладық. Бірақ әлі де нәтиже көңіл көншітпейді. ЕУРО-2016 іріктеу кезеңінде қос ұпаймен көш соңында қалдық. Бұл ойланарлық жайт.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или