ШҚО-да «Реал Мадрид» футбол академиясы құрылады

ШҚО-да «Реал Мадрид» футбол академиясы құрылады

ШҚО әкімдігі және испандық консалгтингтік «SOXNA» компаниясы арасында «Реал Мадрид» футбол клубының тәжірибесі бойынша жаттықтыратын 100 орындық футбол академиясының құрылуына меморандумға қол қойылды. Бұл туралы ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша соңғы айларда футбол академиясының құрылуы жайлы мәселелер қарастырылып, таңдауға неміс және испандық командалардың тәжірибесі алынған. Осы орайдаиспандық «SOXNA» компаниясымен келісімшарт орнап, испаниялық жаттықтырушылар «Реал Мадрид» командасы тәжірбиесі бойынша жаттықтыратын футбол академиясының құрылысы жоспарланды.

Академия Өскемен қаласында жұмыс жасайтын болады. Бастапқыда 12-15 жасаралығында 100 бала қабылданып, 50 баладан екі топқа бөлінеді. Әр топтан 25 баладан тұратын 2 команда құрылады. Осылайша, 4 команда жұмыс жасап, әр команданы жеке испаниялық жаттықтырушы жаттықтырады. Сондай-ақ, шетелдік жаттықтырушылар жергілікті жаттықтырушыларды да жаттықтырмақ.

Ал академияға балаларды іріктеу ағымдағы жылы қазан айынан бастап жүреді.

«Бұл біздің аймақ үшін өте маңызды жоба болғандықтан, академияда балалардың жаттығуына барлық жағдай жасалатын болады. Облысымыздан бөлек, өзге аймақтардан, әсіресе ауылды жерлерден балаларды тартып, академияда тұруы үшін орын бөлеміз», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или