Бірінші лигаға жолдама алған командалар анықталды

Екінші лига клубтары арасында Қазақстан Республикасы біріншілігінің жартылай финалдық матчтары өтті.

Жарыс ережесіне сәйкес, Екінші лигада бірінші және екінші орын алған командалар Қазақстанның Бірінші лигасына жолдама алады.

Бірінші жартылай финалда Сарань қаласының «Гефест» командасы Шымкент қаласының «Шалқар» командасын әрең ұтты. Ойын 2:2 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында «Гефест» футболшыларының жолы болды - 5:4.

Екінші жартылай финалдың жеңімпазы да пенальти сериясында анықталды. Елордалық «Прогресса KZ» пен Солтүстік Қазақстан облысының «Рузаевка» командасы негізгі уақытты 1:1 есебімен аяқтады. Матч соңынан кейінгі пенальтиде елордалық футболшылар 6:5 есебімен басым түсті.

Сәйкесінше, Қарағанды облысы мен Астана қаласы Бірінші лигада жаңа команда тіркеу мүмкіндігіне ие болды. Еске сала кетейік, Бірінші лигада елордадан «Бәйтерек», ал Қарағанды облысынан теміртаулық «Болат-АМТ» ойнайды.

3-4 орын үшін өтетін ойын мен финал ертең, 18 қыркүйек күні өтеді, деп хабарлайды Шымкент қаласынан www.kff.kz сайтының арнайы тілшісі Ками Шукман.

Ойын нәтижесі және күнтізбе:

10 қыркүйек 2015 жыл

«Рузаевка» (СҚО) - «Гефест» (Сарань) 2:7

«Пронет» (Ақтөбе) - «Еуразия» (Ақсу) 2:0

«Вест-Кроун» (Ақтөбе) - «Нордос» (Павлодар) 2:6

«Шалқар» (Шымкент) - «Прогресс KZ» (Астана) 2:3

11 қыркүйек 2015 жыл

«Гефест» - СДЮШОР №7 (Шымкент) 7:2

«Рузаевка» - «Еуразия» 4:2

12 қыркүйек 2015 жыл

«Вест-Кроун» - «Прогресс KZ» 4:5

«Шалқар» - «Нордос» 3:0

13 қыркүйек 2015 жыл

«Еуразия» - «Гефест» 0:7

СДЮШОР №7 - «Пронет» 0:1

14 қыркүйек 2015 жыл

«Прогресс KZ» - «Нордос» 4:2

«Шалқар» - «Вест-Кроун» 1:0

СДЮШОР №7 - «Еуразия» 2:3

«Пронет» - «Рузаевка» 0:1

15 қыркүйек 2015 жыл

«Рузаевка» - СДЮШОР №7 3:1

«Пронет» - «Гефест» 1:1

17 қыркүйек 2015 жыл

5-6 орын үшін ойын: «Нордос» - «Пронет» 2:2 (5:6)

7-8 орын үшін ойын: «Вест-Кроун» - «Еуразия» 3:0

Бірінші жартылай финал. «Гефест» - «Шалқар» 2:2 (5:4)

Екінші жартылай финал. Прогресс KZ» - «Рузаевка» 1:1 (6:5)

18 қыркүйек 2015 жыл

3-4 орын үшін ойын: «Шалқар» - «Рузаевка»

Финал: «Гефест» - «Прогресс KZ»

Финалдық матчтың трансляциясын "ФФК-ТВ" тележобасында 18.09.2015 күні Астана уақытымен 13:00-де көре аласыздар!

ҚФФ баспасөз-қызметінің материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или