Қазақстан U-21 құрамасының Мальтаға қарсы құрамы анықталды

Қазақстан U-21 құрамасының Мальтаға қарсы құрамы анықталды

Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов Еуро-2025 іріктеу кезеңінің Мальтаға қарсы ойынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Қараша айында Қазақстан U-21 құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Мальта құрамасына қарсы ойнайды. Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Испания, Бельгия, Шотландия, Мажарстан және Мальта құрамаларымен бірге «В» тобына түсті.

Матч 16 қарашаға жоспарланған. Кездесу Паола қаласының «Хибернианс» стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен 23:00-де басталады.

Қазақстан жастар құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Никита Пивкин («Елімай»), Данила Карпиков («Шахтер»);

Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов, Ерсұлтан Қалдыбеков (екеуі де – «Атырау»), Александр Широбоков, Сұлтан Асқаров, Лев Кургин (барлығы – «Қайрат»), Саламат Жұмабеков («Астана»);

Жартылай қорғаушылар: Нурғайни Бөрібаев («Тұран»), Мейрамбек Қалмырза («Оқжетпес»), Давид Есімбеков («Жетісу»), Абылайхан Назымханов, Айбар Абдулла (екеуі де – «Шахтер»), Нұрали Жақсылық («Астана»);

Шабуылшылар: Сэйф Попов («Қайрат»), Денис Митрофанов («Ислочь», Беларусь);

Жаттықтырушылар штабы: Қайрат Нұрдәулетов – аға бапкер, Нұрбол Жұмасқалиев – аға бапкердің көмекшісі, Асқар Ыдырысов – аға бапкердің көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылардың жаттықтырушысы, Бауыржан Абаев – дәрігер, Қайратали Кунходжаев – массажист, Ақмұрат Ақчабаев – массажист, Павел Лаптев – бейне-оператор, Қуаныш Мұханбет – менеджер.

Қосалқы құрам: Дамир Қасаболат, Егор Ткаченко, Әділет Садыбеков (барлығы – «Қайрат»), Әділхан Добай («Мақтаарал»), Бейбіт Ғалым («Тобыл»), Иван Свиридов («Шахтер»);

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или