Қытайлық команда Стойловқа қызығушылық танытуда
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Меридиан мач» басылымының ақпаратына сүйенсек, бейжіңдік «Бэйцзин Гоань» футбол клубы елордалық «Астананың» бас бапкері Станимир Стойловқа қызығушылық танытуда, деп хабарлайды «PROСПОРТ».</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Бэйцзин Гоаньнің» басшылығы команданың испаниялық бапкері Грегорио Мансаноның орнына болгариялық маманды шақырмақшы. Сондай-ақ, аспанасты елінің клубы Станимир Стойловқа жылына 5 миллион доллар жалақы төлеуге дайын екенін мәлімдеді.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, Стойловтың «Астанамен» келісімшарты биылғы маусымның соңында аяқталады. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или