Роман Заев: «Қарсылас туралы ақпарат жинадық»

Роман Заев: «Қарсылас туралы ақпарат жинадық»

19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының украиналық жаттықтырушысы Роман Заев ҚФФ ресми сайтына сұхбат берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Ең бірінші мәселе - ойыншылардың дайындық деңгейінің әртүрлі болуы, - дейді Роман Заев. - Жас ерекшеліктеріне байланысты барлық футболшылар өз клубтарында ойын тәжірибесіне ие емес. Бізге осы олқылықтың орнын толтыру үшін жұмыс істеуге тура келді.

- Оқу-жаттығу жиындарында тағы қандай жұмыстар атқарылды?

- Ең алдымен негізгі құрамның ойынын жүйелеу бағыты қиынға түсті. Стандарттық жағдайларды орындап, физикалық және техникалық жағын жетілдіруге тырыстық. Ресми кездесуде ойыншыларды алмастыруда қиындық туындамауы тиіс. Қақпашылар мәселесі де өзекті. Бұл бағытта көп жұмыс істедік. Біз жағдайды жақсарта алдық деп есептейміз.

- Алғашқы минуттан бастап ойынды қалай қоясыз? Команда бірден шабуылға ұмтыла ма, әлде қарсыласты бақылайды ба?

- Қарсыластар туралы ақпарат жинадық. Соңғы матчтардың статистикалық мәліметтері бар. Біздің команданың қарқыны мен жарыс кестесінің оңтайлы екенін ескеріп, келесі кезеңге жолдама алуға мүмкіндік бар деп айта аламын.

- Команда алдында осындай міндет қойылды ма? Әлде қыздар арасындағы Еуропа біріншілігі ойыншылардың тәжірибесі ретінде қарастырыла ма?

- Алға қойылған нақты тапсырма болмаса, кәсіби спорттың маңызы болмайды. Міндет - іріктеу тобынан шығу. Венгрияға саяхат үшін келмегеніміз анық. Халықаралық тәжірибеге келсек, УЕФА Даму кубогынан кейін аздап тәжірибе жинадық. Бұл жақта да қыздар шеберліктерін шыңдай түседі. Өздерінің басым және олқы тұстарын көреді. Жаттықтырушылар штабы барлық эпизодтарды түсіндіруге көмектеседі. Әрі қарай жұмыс жоспарын анықтаймыз.

Еуропа чемпионаты. Қыздар. U-19

Іріктеу кезеңі. 5 топ. Ойын кестесі

15.09.2015 Қазақстан - Сербия; Венгрия  - Германия

16.09.2015 Қазақстан - Германия; Венгрия - Сербия

20.09.2015 Қазақстан - Венгрия; Сербия - Германия

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или