Георгий Жуков ауруханаға түсіп қалды

Георгий Жуков ауруханаға түсіп қалды

«Астана» клубының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Бенфика» клубымен болған ойыннан кейін ауруханаға түсті.

Ақпарат құралдарының мәліметінше, футболшыда аллергия пайда болған. Оны Лиссабондағы стадионнан жедел жәрдем әкетті. Дәрігерлер Жуковта анафилаксиялық шок болды деп отыр.

Еске сала кетейік, Португалияда өткен кездесуде қазақстандық клуб 2:0 есебімен жеңілді. «Бенфика» екінші таймның басында есеп ашты. 51-ші минутта аргентиналық Николас Гайтан көзге түсті. Ал тоғыз минут өткеннен кейін «Бенфика» форварды Константинос Митроглу есепті екі еселеді.

«Астана» мен «Бенфиканың» қарымта ойыны 25 қарашада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или