Руй Витория: «Қарсыластарымыз осал болмай шықты»

«Бенфиканың» бас бапкері Руй Витория Чемпиондар лигасындағы топтық кезеңнің бірінші турындағы өз клубының жеңісіне туралы ойымен бөлісті.

«Күткеніміздей, қарсыластарымыз осал болмай шықты. «Астана» бірқатар жақсы сәтті ұсынған, алайда голды біздің команда соқты. Қонақтарымыз біздің шабуылдарды бірнеше мәрте тойтарып, өз қақпаларын голдан аман сақтап жатты», - деді Витория.

Оның айтуынша, матч қиын болды және оның қол астындағы ойыншылар бұл кездесуге өте салмақты көзқарас танытты. «Чемпиондар лигасының жаңа маусымының жеңіспен басталғаны қуантады. Бірақ алдағы қарсыластарымыз бұдан да мықты болады, сондықтан арқаны кеңге салуға болмайды"» - деді ол.

Өз кезегінде «Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов «Бенфикамен» болатын қарымта кездесуде оның қол астындағы футболшылардың ұпай алуға тырысатынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, елордалық «Астана» командасы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің матчында Португалияның «Бенфика» клубынан жеңілді. Лиссабонның «Эштадиу да Луш» стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен португалиялық клубтың пайдасына шешілді.

«Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі келесі кездесуін 30 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында «Галатасарайға» қарсы өткізеді.

Tengrinews.kz материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или