Георгий Жуков: «Қай құрамада ойнағым келеді? Бельгия немесе Ресейде»

Елордалық «Астананың» жартылай қорғаушысы Георгий Жуков бельгиялық Het Nieuwsblad газетіне берген сұхбатында өз клубының Чемпиондар лигасындағы сәтті нәтижесі мен Қазақстан құрамасында ойнағысы келмейтінін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Іріктеуден сәтті өтіп, маусымдағы негізгі мақсатты орындадық. Дебютант болған соң, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінен шығуға үміттенбейміз. Біз бұны Еуропаға өзімізді көрсетуге берілген мүмкіндік ретінде қараймыз. Қазақстан чемпионатының деңгейі жаман емес, бірақ оны Бельгияда ешкім қарамайды ғой. Сондықтан «Стандарт» мені байқауы үшін Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өзімді ерекше көрсеткім келеді. Қаңтарда «Астанаға» жалға берілген уақытым бітеді, «Стандартқа» негізгі құрам ойыншысы ретінде барғым келеді.

Қазақстан құрамасының бапкері Юрий Красножанға ресми матчтарда маған үміт артудың қажеті жоқ екенін айтқанмын. Менің әлі де болса дами түскім келеді, сондықтан қай құрамада ойнайтынымды әлі шешкен жоқпын. Менде екі таңдау бар – бірі Бельгия, бірі Ресей», - деді Жуков.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или