Нұралы Әліптің командасы Ресей кубогының ширек финалына шықты

Нұралы Әліптің командасы Ресей кубогының ширек финалына шықты

Ресей кубогы топтық кезеңінің соңғы турында «Зенит» «Крылья Советовты» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Газпром Аренада» өткен ойында 1:0 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Жалғыз голды 87-минутта Иван Сергеев соқты.

Айта кетейік, «Зениттің» қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп алаңда 90 минут өнер көрсетті.

«Зенит» С тобында 14 ұпай жинап, бірінші орынмен ширек финалға жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или