«Астана» Лиссабонда сүрінді

Елордалық «Астана» Португалияның Лиссабон қаласында «Бенфикаға» қарсы тарихи кездесуін өткізді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қазақстандық ұжым ел тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойын өткізді. Лиссабон қаласының «Эштадио да Луш» стадионында өткен тартысты кездесуде «Астана» жергілікті «Бенфика» командасына жол беріп қойды.

Матчтың бірінші кезеңінде қос команда бір-бірінің қақпасынан саңлау таба алмады. Ал екінші таймда португалиялық ұжым қонақтардан басым түсіп, Ненад Эрич қорғаған қақпаға екі жауапсыз гол соқты. Алдымен, «Бенфика» сапындағы ең үздік ойыншы Николас Гайтан еш қиындықсыз елордалық команданың қорғаушыларынан сытылып өтіп таблода есеп ашты. Артынша, Элизеу сол қапталдан Костас Митроглуға әдемі пас шығарды, соңғысы бос тұрған қақпаны тура көздеді. Қорытынды есеп - 2:0.

«С» тобының екінші кездесуінде «Атлетико» сырт алаңда ыстамбұлдық «Галатасарайды» 2:0 есебімен ұтты. Қос голдың авторы - Гризманн.

«Бенфика» - «Астана» 2:0 (0:0)

Голдар: Гайтан 51, Митроглу 62

«Бенфика»: Жулио Сезар, Нелсон Семеду, Жардел, Луизао, Элизеу, Самарис (Фейса 85), Талиска (Хименес 77), Гайтан, Гедеш, Жонас (Пицци 72), Митроглу.

«Астана»: Эрич, Илич (Дедечко 90), Постников, Аничич, Шомко, Жолшиев (Бейсебеков 81), Каньяс, Максимович, Кетевоама, Жуков, Кабананга (Щеткин 46)

Төрешілер: Сидиропулос, Эфтимиадис, Костарас (барлығы Грекия)

Ескерту алғандар: Аничич 21, Жолшиев 24, Самарис 40, Гедеш 45, Жуков 78, Жардел 83

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или