ҚПЛ матчы қайғылы оқиғаға байланысты көрерменсіз өтеді

ҚПЛ матчы қайғылы оқиғаға байланысты көрерменсіз өтеді

Ертең Астана уақытымен 17:00-де Қазақстан чемпионатының қорытынды турындағы «Шахтер» - «Астана» кездесуі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Қарағандылық клуб әлеуметтік желілерде мәлімдеме жасады:

«Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты «Шахтер» мен «Астана» матчы көрерменсіз өтеді.

Костенко шахтасындағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Бұл отбасылар, әріптестер және барша облыс тұрғындары үшін үлкен қайғы. Бұл қайғының орнын ешбір сөз толтыра алмайды. Қаза болғандардың туыстарының қайғысына ортақпыз!».

Еске сала кетейік, бұған дейін Костенко шахтасында апат болып, салдарынан 28 адам қаза тапқан болатын.

Фото: hab.aif.ru

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или