Нөсербаев «Бенфикаға» қарсы ойынға қатыса алмайды

«Астана» футбол клубының капитаны Таңат Нөсербаев бүгінгі «Бенфикаға» қарсы ойынға қатыса алмайтын болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы кешегі өткен баспасөз-мәслихатында елордалық команданың бас бапкері Станимир Стойлов мәлім етті. Нөсербаев матч алдындағы жаттығуда жарақат алып қалды. Сондай-ақ, бүгінгі ойынға алты матчқа шеттетілген Патрик Твумаси де қатыспайды.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Астана» сырт алаңда «Бенфикамен» кездеседі. Матч астана уақытымен сағат 00:45-те басталады. Кездесуді «Таң» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или