Сергей Юран: «Бенфика» «Астананы» 3:0 немесе 4:0 есебімен жеңеді»

Сергей Юран: «Бенфика» «Астананы» 3:0 немесе 4:0 есебімен жеңеді»

«Локомотив» (қазіргі «Астана») футбол клубының бұрынғы бас бапкері Сергей Юран Maisfutebol.pt сайтына берген сұхбатында «Астана»-«Бенфика» матчына өз болжамын айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Сөзсіз «Бенфика» - фаворит. Бұған қоса лиссабондық клуб өз алаңында ойнайды. «Астана» ойыншыларының деңгейі «Бенфикамен» салыстырғанда төмендеу. Бірақ қазақстандық команда соңына дейін тер төгеді. Егерде португалиялық клуб «Астананы» менсінбесе, онда оларға қиын болмақ. Керісінше «Бенфика» ойынға мұқият дайындалса, онда олар ірі жеңіске қол жеткізеді.

«Астана» ең басты мақсатын орындады - Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Оларға ешкім қысым жасамайды, ал «Бенфика» өз алаңында ұтылса, жанкүйерлер мұны кешірмейді. Сондықтан, «Бенфика» 3:0 немесе 4:0 есебімен жеңіске жетеді деп ойлаймын» - деді Юран.

Естеріңізге сала кетсек, ертең Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Астана» сырт алаңда «Бенфикамен» кездеседі. Кездесу ертең астана уақытымен түнгі 00:45-те басталады. Аталмыш матчты «ТАҢ» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или