Владимир Сало: «Қазақ футболшыларына іріктеу кезеңінде сәттілік тілеймін»

Қазақстан - Қырғызстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесуден кейінгі баспасөз-мәслихатында Владимир Сало қазақ футболшыларының дайындығын атап өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Қазақстан жасөспірімдер құрамасының физикалық дайындығы жоғары, - деп атап өтті Қырғызстан жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Владимир Сало. - Жаттықтырушының жұмысы айқын көрінді. Қарсыластарымыз командалық ойын көрсете білді. Ойын үлгісі айқындалған және әртүрлі тактикалық жүрістерді сауатты пайдаланды. Ойыншылар бірін-бірі түсіне алды. Айтпақшы, біздің футболшылар да құрлықтың біріншіліктің іріктеу кезеңдеріне дайындық жүргізуде. Бір топта Катар, Ливан және Оман құрамаларымен ойнаймыз. Халықаралық аренада екі командаға да сәттілік қажет. Сол себепті қазақ футболшыларына іріктеу кезеңінде сәттілік тілеймін!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или